Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Достар! Қуанышты жаңалық

  24 – маусым күні, Петропавл қаласында өткен республикалық «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» байқауында оқушыларымыз жүлделі орынға ие болды.

  «Жасынан оқу оқып, өнер қуған… » бағыты бойынша Кеңесбаева Аяулым – Атырау қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9 – сынып оқушысы II жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім…» бағыты бойынша қатысқан Қызылқоға ауданы Б.Аманшин орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Есболайұлы Ұланға сертификат табысталды.

  Оқушыларымызды орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!