15 – 16 – тамыз күндері Алматы облысы С. Демирель атындағы университет базасында “Дарын” РҒПО – ның 25 жылдық мерейтойына орай “Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары” тақырыбында республикалық педагогикалық конференциясы өтті.
Аталған конференцияға Атырау облысы бойынша орталық директоры және облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары қатысты.
“Дарын” РҒПО – ның 25 жылдық мерейтойына орай конференцияда:
Оқу-ағарту минситрлігінің Құрмет Грамотасымен және 25 жылдық төсбелгісімен орталық директоры Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы марапатталды.
Сонымен қатар,
“Үздік көшбасшы-2023” атағымен Ж.Молдағалиев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Султанова Светлана Сагинтаевна және Н. Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының директоры Таскарина Долорес Сундетовна;
“Үздік мектеп-2023” атағымен “Білім-Инновация” лицей-интернаты;
“Дарын” РҒПО – ның 25 жылдық төсбелгісімен облыстық білім беру ұйымдарының басшылары марапатталды.
Марапат иелерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!