29 – тамыз күні Атырау қаласы Абай орталығы базасында
«Бояулар құпиясы» жас суретшілердің республикалық байқауының облыстық кезеңі өтетінін хабарлаймыз. Байқаудың мақсаты білім алушылардың кәсіби бағдарлануын ынталандыру және жас суретшілердің эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу.
Білім алушылар 10-13 және 14-17 жас санаттары бойынша қатысады. Байқау номинацияларындағы жұмыстар кез-келген техникада (акварель, май, пастель, қарындаш, гелий қаламы, түрлі-түсті қарындаштар, аралас техника) кезкелген материалда (картон, қағаз, кенеп, т.б.) орындалады.
Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Менің елім – менің жерім»:
– классикалық кескіндеме
– тақырыптық натюрморт
2) «Таланттар палитрасы»:
– авангард және эксперименттік кескіндеме
– сюжеттік композиция
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.
Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
29 августа на базе Центра Абая города Атырау пройдет областной этап республиканского конкурса юных художников “Бояулар құпиясы”. Цель конкурса-стимулирование профессиональной ориентации обучающихся и воспитание эстетических, гуманистических и патриотических чувств молодых художников, личного интереса к традициям мировой и отечественной художественной культуры.
Обучающиеся участвуют в возрастных категориях 10-13 и 14-17 лет. Работы в конкурсных номинациях выполняются в любой технике (акварель, масло, пастель, карандаш, гелиевая ручка, цветные карандаши, смешанная техника) на любом материале (картон, бумага, холст и др.).
Конкурс проводится по следующим номинациям:
1) «Моя страна-моя земля»:
– классическая живопись;
– тематический натюрморт
2)»палитра талантов”:
– авангард и экспериментальная живопись;
– сюжетная композиция
По итогам конкурса жюри определит победителей. Победители награждаются дипломами I, II, III степени и призами.
Удачи нашим участникам!