Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы» тақырыбында тамыз кеңесі

  28 – тамыз күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлт болашағы» тақырыбында тамыз кеңесі өтті.
  Кеңеске Білім беру басқармасының басшысы Е. Сламбеков, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, облыстық, қалалық білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
  Орталық директоры «Дарынды балалар мен талантты жастардың зияткерлік жеке әлеуетін, кәсіби өзін-өзі айқындауын және қалыптасуын дамыту бағытында атқарған жұмыстары мен алға қойған міндеттері» туралы баяндама жасап, Атырау облысы бойынша олимпиада, конкурстардың соңғы 3 жылдың қорытындысымен бөлісті.
  Өткен жылы бастау алған зияткерлік олимпиадалар мен зерттеу жобалары және мамандандырылған байқаулардың қорытындысын мониторингілеу, талдау механизмі бойынша рейтингтер шығарылды.
  Соған сәйкес Атырау қаласы мен аудандар және 7 облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары жүлделі орындармен марапатталды.
  Зияткерлік олимпиадалар бойынша қала мен аудан мектептері:
І орын – Атырау қалалық білім бөлімі;
ІІ орын – Жылыой аудандық білім бөлімі;
ІІІ орын – Құрманғазы аудандық білім бөлімі;
  Облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары:
І орын – Облыстық Білім Инновациялық лицей-интернаты;
ІІ орын- Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия;
ІІІ орын – Облыстық дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты мен Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты.
  Жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеу жобалар конкурсы бойынша қала мен аудан мектептері:
І орын- Атырау қалалық білім бөлімі 
ІІ орын- Құрманғазы аудандық білім бөлімі 
  Облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары:
І орын- Облыстық Білім Инновациялық лицей-интернатын 
ІІ орын- Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия
ІІІ орын-Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейі 
  Мамандандырылған сайыстар бойынша қала мен аудан мектептері:
І орын – Құрманғазы аудандық білім бөлімі;
ІІ орын- Атырау қалалық білім бөлімі;
ІІІ орын -Индер аудандық білім бөлімі;
  Облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары:
І орын- Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия;
ІІ орын – Н.Тілендиев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – гимназия;
ІІІ орын – «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернаты.
  Сондай-ақ, 2022 – 2023 оқу жылының республикалық олимпиада нәтижесі бойынша республикалық
« 100 ҮЗДІК ОЛИМПИАДА МЕКТЕПТЕРІ» рейтингісіне енген Құрманғазы ауданы  Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне
«Ең үздік олимпиадалық ауыл мектебі» атағы берілді.
  Марапаттарыңыз құтты болсын!