28 тамыз күні Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия базасында 2 – 4 – сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.
9-10 маусым күндері өткен олимпиадаға жалпы саны 113 оқушы қатысты.
Олимпиада оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
⠀
Оқушылар білім бәйгесінде жалпы білім беру бағдарламалары негізінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, руский язык и литературное чтение, математика және жаратылыстану пәндерінен тапсырмалар орындап, білімдерін сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Таланттарды анықтау және қолдау орталығының I дәрежелі дипломымен 11 оқушы, II дәрежелі дипломымен 14 оқушы, III дипломымен 24 оқушы марапатталды.
Жүлдегерлерді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!