Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Пәндік олимпиаданың екінші кезеңін өткізу туралы отырыс өтті

Ақпанның 3-інде Таланттарды анықтау және қолдау орталығының басшылық құрамы аудандық-қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары және әдістемелік кабинет меңгерушілерімен онлайн форматта пәндік олимпиаданың өткізу ережелері туралы жиын өткізді.

Жиында “2020-2021 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші  кезеңдерін өткізу туралы” ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №45 бұйрығы және Атырау облысы Білім беру басқармасының 2021 жылғы 2 ақпандағы №29 бұйрықтарымен таныстырылып, пәндік олимпиаданың аудандық-қалалық кезеңдерін өткізу ережесіндегі өзгерістер айтылды.

Айта кетейік, пәндік олимпиаданың екінші және үшінші кезеңдерінің уақыты нақтыланғанын хабарлағанбыз.

Аудандық-қалалық кезеңдері 8-12 ақпан аралығында, облыстық кезеңі 22 ақпан-3 наурыз аралығында өтеді.