Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

РЕСПУБЛИКАДАН ТАҒЫ ДА ЖҮЛДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА!

  Республикалық “Жыр алыбы – Жамбыл” жас ақындар айтысында Атырау облысынан Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп – гимназия интернатының оқушылары жеңіске жетті.
  “Тақырыптық айтыс” бағыты бойынша 10 – сынып оқушысы Ерсаинов Марсель 2 орын иеленіп, 100 мың теңге сертификаты табысталды. 

  Айболат Айбек “Есенқұл Жақыпбеков” атындағы арнайы жүлде мен 30 мың теңге сертификатқа ие болды. 

  Жетекшісі Республикалық, Облыстық байқаулардың жеңімпазы, айтыскер ақын Дәулекенов Өнербек Ниетқалиұлы.

  Жеңіс тұғырынан көрінген жас айтыскер оқушыларымызды, жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!