24 – қазан күні «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинары Жылыой ауданында жұмысын жалғастырды.
Семинарды орталық басшысы Руслан Құрманғалиұлы бастап ашып, республикалық, халықаралық білім додаларындағы Атырау облысының көрсеткішіне тоқталды. Дарынды балалардың қабілетін шыңдап, қанатын қомдап жүрген үздік жас ұстаздармен таныстырып, сөз кезегін спикерлерге берді.
Көшпелі семинардың спикерлері:
1. Облыстық «Білім-Инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі – РАИСОВ ӘДІЛЕТ БЕКБУЛАТҰЛЫ.
2. Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі – ЕРКИНОВА АҚЕРКЕ МҰРАТҚЫЗЫ.
3. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – СДИХОВА ЖАЙНАГҮЛ ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.
4. Таланттарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері – САҒИДОЛЛАЕВА МАНСИЯ САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ.
Баланың қызығушылығы мен бейімділігін анықтап, дарындылықтың жоғары деңгейіне жеткізу әр ұстаздың міндеті. Осы тақырып төңірегінде озат тәжірибелі ұстаздар ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, білімнің түрлі қайнар көздерін пайдалану, жеке тұлғаның күшті жақтарын дамыту туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар семинарда орталықтың бастамасымен биылғы оқу жылында іске қосылған “Үздік 30 мектеп”, “Талантты ұстаз”, “Дарынды оқушы” жобаларының өлшемшарттары таныстырылды.
Шығармашылық кездесуде бас қосқан педагогтер көкейтесті сұрақтарын қойып, қызу пікірталас өткізді. Жас та болса, ұстаздық белестерді бағындыра білген әріптестеріне риза көңілмен тарады.