2 – қарашада жалпы білім беретін 8 – 11 – сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтеді.
Байқаудың мақсаты:
– ақынның ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;
– оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту;
– тарихи санасы мен танымдарын кеңейтіп, азаматтыққа баулу;
– ізгілікке, демократияға бағдарланған өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқау кезеңдерінің өтетін уақыты:
Облыстық кезең – 2 – қараша;
Республикалық кезең – 29 – 30 – қараша.
Республикалық Махамбет оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім беретін 8 – 11 – сынып оқушылары қатыса алады (Әр номинациядан 1 оқушы).
«Махамбет оқулары» байқауы 5 бағыт бойынша өтеді:
«Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
«Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу.
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау.
«Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу.
«Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Аталған байқаудың республикалық кезеңі Атырау қаласында өтетінін хабарлаймыз!
Алмас қылыштай жарқылдаған өр ақынның шығармаларын танытатын қатысушыларға сәттілік тілейміз! Құнды нәтиже күтеміз!