Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі

«Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі
  2 – қараша күні жалпы білім беру ұйымдарының 8 – 11 – сынып оқушылары арасында ақынның ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту мақсатында «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтуде.

  Байқауға аудандық (қалалық) кезеңнен жеңімпаз атанған 70 оқушы қатысуда.

  Махамбет оқуларына қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша бақ сынайды:

  «Ұлы арман» – Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
  «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын жатқа оқу.
  «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау.
  «Тартынбай сөйлер асылмын…» – жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу.
  «Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» – «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

  Байқау қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша қатысушылар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттармен марапатталады.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау