Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы

«Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы
  5 – 8 – қараша аралығында «Ғалам сенің қолыңда» оқушылардың ІІ Республикалық астрономиялық олимпиадасы Ақтөбе қаласында өтіп жатыр.
  Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру.
  Айта кетсек, олимпиада қатысушылары астрономия, ғарыштық физика және космонавтика ғылымдары бойынша білімдерін сынауда.
  Аталған олимпиадаға біздің облысымыздан
Қуанышкерей Мұхаммед – Облыстық №2 «Білім-Инновация» лицей –интернаты;
Али Арсен – Облыстық №1 Білім-инновация» лицей-интернаты;
Ким Александр – Атырау қаласы, №17 мектеп-лицей;
Теміржанова Томирис – облыстық №3 «Білім-инновация» лицей-интернаты оқушылары қатысады.
  Олимпиаданың қорытындылары бойынша жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.
  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау