21 – желтоқсан күні “Зерде” республикалық зерттеу жобаларының облыстық кезеңі өткізілуде. Оған антиплагиат бағдарламасы бойынша сараптаудан өткен 83 жоба жұмысы қатысуда.
Конкурста 2 – 7 – сынып оқушылары төмендегі секциялар бойынша зерттеу жұмыстарын қорғайды:
▪️ қазақ тілі және әдебиеті;
▪️ орыс тілі және әдебиеті;
▪️ ағылшын тілі;
▪️ математика, қолданбалы математика;
▪️ физика, космос;
▪️ туризм және спорт;
▪️ тарих, өлкетану;
▪️ этномәдениеттану;
▪️ химия, биология;
▪️ медицина, психология, экология;
▪️ информатика, роботатехника, STEM инженерия;
▪️ технология және өнер.
Конкурс жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады:
➖Өзектілігі мен шешу жолдарының жаңашылдылығы;
➖тақырыптың бірегейлігі, жобаның шынайылығы;
➖жобаның нақты және маңызды нәтижелерінің болуы;
➖жұмысты орындау мәдениеті, зерттеудің этикалық негіздерін, қағидаларын сақтау;
➖баяндамашының құзыреттілігі, оның ішінде жоба бағыты шеңберінде диалог
пен пікірталас жүргізу мүмкіндігі.
Жеңімпаздар әрбір секция бойынша және жас ерекшеліктеріне бөлінген екі жас категориясы бойынша анықталып, орталықтың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Марапатталу шарасы 22 – желтоқсан күні өтеді.
Жас та болса, өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушылар бүгінгі күннің жұлдыздары болмақ. Олар республикалық кезеңге жолдама алады.