2021 жылдың 18-28 қаңтар аралығында өткен «Тіл – мемлекеттік тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасынан атыраулық Бабаева Саяра II дәрежелі орынға ие болды.
Олимпиада қазақ тілін үйренуді қалайтын өзге ұлт оқушылары арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өтеді.
Бұл олимпиадада облысымыздың атынан Атырау қаласындағы екі мектептің – 31 мектеп-гимназиясының 10- сынып оқушысы Тажиева Наргиз және Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Бабаева Саяра қатысқан болатын.





