Шығармашыл оқушылар арасында 8–11-сынып білім алушыларына арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының қорытындысы жарияланды.
Байқау нәтижесінде Атырау облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтқанда:
Сонымен қатар байқауға қатысқан Ерболатұлы Ерлан, Айболат Іңкәр және Жүсіпбек Айқын арнайы грамоталармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысының командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Бұл нәтиже – өңірдегі жас таланттардың шығармашылық ізденісі мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Өнер жолындағы жетістіктеріңіз артып, шығармашылық биіктерден көріне беріңіздер!






