Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Абай оқуларының» облыстық кезеңі

  4 – мамыр күні, Атырау қаласы №35 Х.Ерғалиев атындағы орта мектептің базасында 8 – 11 – сынып оқушылары арасында «Абай оқуларының» облыстық кезеңі өтуде.

  Байқаудың ашылу салтанаты Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

  Байқаудың негізгі мақсаты Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

  Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңде жеңімпаз атанған 60 оқушы қатысып, төмендегі бағыттар бойынша бақ сынайды:

1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша Абай өлеңдерін жатқа айту;
2. «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша Абай қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқу;
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында ақын шығармаларын жатқа айту;
4. «Көңілім әнді ұғады» бағыты бойынша Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;
5. « Жүйріктен жүйрік озар жарысқан» бағыты бойынша оқушылардың өз шығармалары бағаланады;
6. «Ұлылар әлемі» бағыты бойынша оқушылар ақынның шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.

  Байқау қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша қатысушылар Таланттарды анықтау және қолдау орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттармен марапатталады.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!