Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

  3 – мамыр күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен Жылыой ауданы білім бөлімінің «Жас техниктер» станциясының ұйымдастыруымен ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ өтті.

  Жарыс оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

  Жарысқа аудандық (қалалық) кезеңде жеңімпаз атанған 39 оқушы қатысып, төмендегі модельдердің кластары бойынша бақ сынады:

  Радиомен басқарылатын көлік модельдері;
  Тікелей жүретін автотрассалық модельдер (жартылай көшірме)
  Әуе модельдері;
  Кеме модельдері;
  Зымыран модельдері;

  Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалады.

  Жарыстың әрбір түрі өлшемдері, бояуы және формасымен арнайы құрылған алаңдарда өткізілді.

  Жарыстың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 9 оқушы, II дәрежелі дипломмен 10 оқушы, III дәрежелі дипломмен 10 және Алғыс хатпен 10 оқушы марапатталды.

  Жас өнертапқыштарымызды жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз!