Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  29 – мамыр «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» мен «Зерделі ақыл-ой дамыту» мектебі бірлесіп өткізген математикадан 5 – 6 – сынып оқушыларының «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

  Марапаттау салтанатына олимпиадаға қатысқан оқушылар мен ата-аналары, математикадан жетекші мұғалімдері қатысты.
5 – 6 – сыныпқа арналған республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, оларға «Зерделі ақыл-ой дамыту» мектебі ақшалай сыйлықтар және мектепте оқуға жеңілдіктер табыстады.
  Олимпиада нәтижесінде Атырау қаласы командалық есеп бойынша III орынға ие болды.
  Айта кетейік, ағымдағы жылдың 12 – мамырында өткен 5 – 6 – сынып республикалық кезеңі Атырау облысынан 10 оқушы қатысып, 5 оқушы жүлделі орындарға және 1 оқушы Грамотаға ие болды.
  Оқушыларымызды орталық атынан құттықтаймыз!!!


  29 мая была организована церемония награждения победителей и призеров республиканской олимпиады школьников 5-6 классов «Алтын Сака» по математике, проводимой совместно с «центром выявления и поддержки талантов» и школой «интеллектуального развития Зерделі».
  В церемонии награждения приняли участие ученики участвовавшие в Олимпиаде и родители, а также ведущие учителя математики,.
Победители и призеры республиканской олимпиады для 5-6 классов были награждены дипломами II, III степени Республиканского научно-практического центра «Дарын» и были вручены денежные призы и скидки на обучение в школе от имени школы «Зерделі».
  По итогам Олимпиады город Атырау занял III место в командном зачете.
  Напомним, 12 мая текущего года в республиканском этапе олимпиады для учащихся 5-6 классов «Алтын Сака» приняли участие 10 учащихся Атырауской области, 5 участников заняли призовые места и 1 ученик получил грамоту.
  Поздравляем наших учеников от имени Центра!!!