2 – 4 – сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың II кезеңі (аудандық, қалалық) басталды
26 – мамыр күні 2 – 4 – сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиаданың II кезеңі (аудандық, қалалық) басталды.
Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 1 893 оқушы қатысуда. ⠀ Олимпиада оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылуда.
Оқушылар білім бәйгесінде жалпы білім беру бағдарламалары негізінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, руский язык и литературное чтение, математика және жаратылыстану пәндерінен тапсырмалар орындайды.
Сондай-ақ олимпиаданың өткізу процесі YouTube каналы арқылы тікелей эфирмен қамтамасыз етілуде.
Оқушылардың жұмыстары мен қорытынды хаттама www.darynatyrau.kz сайтында жарияланады.