25 – мамыр күні, орталықтың жұмыс жоспарына сай «Жетекшінің ғылыми жоба жұмысын дайындаудағы рөлі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен жалпы білім беретін және облыстық білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарды жұмысын орталық директоры Р. Сарбалин ашып, шараның ұйымдастырылу мақсатына тоқталды.
Шарада оқушылардың зерттеу жоба жұмысының кезеңдеріне, оған қойылатын талаптарға, зерттеу жұмысының құрылымына кеңінен тоқталынып, тәжірибе алмасу мақсатында биылғы оқу жылында республикалық кезеңде жүлделі орын алған оқушылардың, атап айтсақ, Кеңесова Жазира, Ибрагимов Саян, Шонаева Дильназдардың жұмыстары таныстырылды.
Сондай-ақ аты аталған оқушылардың жетекшілері де зерттеу жоба жұмысын дайындаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Айта кетейік, семинарға 130 мұғалім қатысты.
Семинарды жүргізген «Жобалау қызметі және шығармашылықты дамыту бөлімінің» бөлім басшысы Н. Даулетова мен әдіскерлер М. Сағидоллаева, И. Юсупова.