Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық жасөспірімдер олимпиадасында Атыраулық оқушылар жүлдегер атанды

  22 – 24 – мамыр күндері Астана қаласында өткен жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қорытындыланды.

  Білім бәсекесінде 7 – 8 – сынып оқушылары математика, физика, химия, биология, география және информатика пәні бойынша білімдерін сынады.

  Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңінде Атырау облысының намысын 12 оқушы қорғады. Нәтижесінде 5 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы – Алғыс хатқа ие болды.
  Атап айтқанда:
  II орын
Джубаялиев Амир – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 – сынып оқушысы (биология);
Азаматұлы Асылхан – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 – сынып оқушысы (география);

  III орын
Смах Нурмухаммед – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 – сынып оқушысы (физика);
Шаукенов Ильяс – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 – сынып оқушысы (биология);
Жақсыбай Амирхан – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 – сынып оқушысы (информатика);

  Алғыс хат
Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 – сынып оқушысы (математика);
Ибраим Данабек – Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 – сынып оқушысы (химия);

  Бәсекеге толы білім бәйгесінде жүзден жүйрік атанған оқушыларымызды және оның жетекшілерін орталық атынан шын жүректен құттықтаймыз!

  Жеңісті күндеріміз көп болсын!