Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «АҚБЕРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Шығармашыл оқушылар арасында 8–11-сынып білім алушыларына арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының қорытындысы жарияланды.
Байқау нәтижесінде Атырау облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.
Атап айтқанда:
🥇 І орын – Аманжолқызы Аружан;
🥈 ІІ орын – Жаумит Еркебұлан;
🥈 ІІ орын – Сарсенбай Арсен.
Сонымен қатар байқауға қатысқан Ерболатұлы Ерлан, Айболат Іңкәр және Жүсіпбек Айқын арнайы грамоталармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысының командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Бұл нәтиже – өңірдегі жас таланттардың шығармашылық ізденісі мен ұстаздардың жүйелі еңбегінің жемісі.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Өнер жолындағы жетістіктеріңіз артып, шығармашылық биіктерден көріне беріңіздер!