Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫ PЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

  Ағымдағы жылдың 8 – 10 – маусым күндері Тараз қаласында республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өтті.

  Аталған жарыста еліміздің әр өңірінен келген 180 қатысушы бақ сынады.

  Жарыс оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.

  Республикалық жарыста облыс намысын 9 оқушы қорғады.
Нәтижесінде «1:10 масштабта багги жарысы. Багги 1:10Э класы» номинациясы бойынша Индер ауданы, Оқушылар шығармашылық орталығының білім алушысы АСАНОВ ДЖАФАР III ОРЫНҒА ие болды.

  Жетекшісі Кокшеев Бериккали Тулеугалиевич – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

  Республикалық байқаудың жеңімпазы мен оның жетекшісін орталық атынан шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!