14 – маусым күні Абай атындағы оқушылар орталығы базасында «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясының тұжырымдамасына сәйкес оқушыларға арналған «Балғын балалық шақ» атты мерекелік шара өтті.
Аталған шараны орталық директоры Сарбалин Руслан Құрманғалиұлы ашып, барлық оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Оқушыларға керемет көңіл күй сыйлаған шарада «Дархан» өнер студиясының бишілері, «Шексіз өмір» облыстық конкурсының жүлдегерлері Жылыой ауданы №18 М.Сатыбалдев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Надирхан Ерасыл, Атырау қаласы №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Ниғметолла Сатай мен Құрманғазы Айзада, Атырау қаласы №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Тұрғанбай Абдуррахим және Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің 4-сынып оқушысы Жарлығапқызы Диана өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында қатысушыларға орталық атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Дарынды шәкірттеріміздің мерейі арта берсін!