14 – желтоқсанда Таланттарды анықтау және қолдау орталығы мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті бірлесіп, биология пәнінен Х.Досмұхамедов атындағы олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
Олимпиада облысымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Олимпиадаға қатысушылар – 11 – сынып оқушылары.
Олимпиада тапсырмаларын орындау үшін қатысушыларға 90 минут уақыт беріледі.
I-II орын алған жүлдегерлерге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гранты және бағалы сыйлықтар табысталады.
Айта кетейік, олимпиада ерекше дарын иесі Халел Досмұхамедовтың еңбек жолын дәріптеу, оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.