Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«QABILET» ҚЫЗМЕТІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕСІ

  6 – 7 – желтоқсан күндері Астана қаласында «Qabilet» қызметі жобасы аясында «Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау және дамыту» I республикалық психологиялық форум-семинары болып өтті.

  Форум мақсаты – балалардың қабілеті мен дарындылығы психологиясы саласында отандық зерттеушілерді тарту.

  2 күнге созылған форум аясында «Qabilet» қызметі» жобасының жаттықтырушылары тақырыптық тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

  Аталған форумға орталық директоры Р. Сарбалин және «Ел үміті бастамасын іске асыру және мониторингілеу» бөлімінің басшысы К. Ханалиева қатысып, тәжірибе алмасты.

  «Qabilet» қызметі жобасы 2023 жылы облысымызда жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

  «Qabilet» қызметі жобасы 5-6 жас, 7-9 жас және 10-11 жастағы балалардың қабілетін диагностикалап, олардың кәсіптік бағдарын анықтайды.