Қаңтардың 12-сі күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының мамандары мен облыстық және қалалық мектептердің психологтары дарынды балаларды анықтауға арналған арнайы жоба туралы пікір алмасты.
“Ауылда тұратын, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету жол картасы” бойынша дайындалып жатқан жоба ауқымды болғалы тұр.
Бұл жүйе мектеп психологтарының жұмысын жеңілдетіп, сондай-ақ балалардың дарыны мен қызығушылығын, жалпы психологиялық портретін жасауға мүмкіндік бермек.
Мамандар жобаның жетілдіру керек бағыттарын нақтылап алып, келер апта тағы да жиналмақ болып келісті. Содан соң психологтар бірнеше әдістемелер жасап, жобаның пилоттық нұсқасын тәжірибеден өткізбек.






