3 – қараша күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 11 – сынып оқушыларына арналған Х.Досмұхамедов атындағы облыстық олимпиада болып өтті.
Биология пәні бойынша ұйымдастырылған білім бәйгесіне облыс бойынша 28 оқушы қатысты. Жүлде алған оқушылар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім гранттарын иеленді.
1-орын және 100% білім грантын ұтып алған оқушы:
Ғадылханова Аянат – Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп.
2-орын және 50% жеңілдік ұтып алған оқушылар:
1. Курмангалиева Эльвира – Құрманғазы ауданы, Шортанбай жалпы орта мектебі;
2. Серикова Дильназ – Махамбет ауданы, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі.
3-орын және 30% жеңілдік ұтып алған оқушылар:
1. Дүйсен Азиза – Жылыой ауданы, №17 жалпы орта білім беретін мектеп;
2. Жұман Минада – Жылыой ауданы, №16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.
Сонымен бірге Зайлаш Медина (Атырау қаласы, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектеп), Төлекова Айкөркем (Индер ауданы, Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп) арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!