3 – қараша күні Атырау Сервис колледжінің базасында 9 – 11 – сынып оқушылары үшін «JasSkills – Atyrau 2023» облыстық шеберлік чемпионаты өтіп, қатысушылар 2 күн бойына бақ сынап, төмендегідей нәтиже көрсетті:
«Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша
1-орын: Жұмабаева Нұрила – Жылыой ауданы
Жылыой ауданы Д.Жазықбаев атындағы орта мекептің
9-сынып оқушысы;
2-орын: Иманғалиева Гүлжазира – Индер ауданы Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
3-орын: Сағытжанқызы Ақбаян – Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы марапатталды.
«Мейрамханалық сервис» құзіреттілігі бойынша
1-орын: Тенизбай Дильназ – Индер ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің 11-cынып оқушысы;
2-орын: Жалғасов Мейржан – Махамбет ауданы, Алға орта мектебінің 9-cынып оқушысы;
3-орын: Орынбай Құралай – Атырау қаласы, №6 орта мектептің 9-cынып оқушысы марапатталды.
«Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша
1- орын: Мұрат Нұрила – Индер ауданы, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы;
2-орын: Жұмажанова Аружан – Жылыой ауданы, №22 орта мектептің 11-сынып оқушысы;
3-орын: Мұстафа Дильназ – Махамбет ауданы Алға орта мектебінің 11-сынып оқушысы марапатталды.
«Кондитерлік іс» құзыреттіліктері бойынша
1-орын: Ермағанбет Нұрсәуле – Индер ауданы, Бөдене орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
2-орын: Айтуар Ақмарал – Махамбет ауданы, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің 10-сынып оқушысы;
3-орын: Ерланова Азиза – Атырау қаласы, №39 орта мектептің 10-сынып оқушысы марапатталды.
Байқаудың ережесіне сәйкес сыныптар категориясы бойынша жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!