Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ХІІІ Президенттік олимпиадада атыраулық Серікқали Арай жүлдегер атанды

Арай Серікқали

Желтоқсан айында 11 (12) сынып оқушылары арасында өткізілген жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасында атыраулық оқушы Серікқали Арай ІІІ орын иеленді.

Төрт бірдей пән – математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өткен олимпиада қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік үштіктің қатарына енген А. Серікқали – Атырау облысы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп лицей интернатының 11В сынып оқушысы.
Арайды төрт пән бойынша өзі оқитын мектеп-лицейдің 4 ұстазы дайындаған.
Химия пәні мұғалімі Унал Джемиль
Физика пәнінің мұғалімі Батыр Шахло
Биология пәнінің мұғалімі Ахметова Әлия
Математика пәнінің мұғалімі Қадырова Гүлжазира

 Айта кетейік, Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған болатын. 13 жыл ішінде Олимпиадаға 31 мыңнан астам бала қатысқан екен.

Президенттік олимпиада үш кезеңде өтті: өңірлік, іріктеу және қорытынды кезеңдері. Өңірлік кезеңде – 151 оқушы, іріктеу кезеңінде – 19 және қорытынды кезеңге 10 оқушы қатысты.