Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық  пәндік олимпиаданың қорытындысы анықталды

5-6-класс білім алушылары үшін математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өткізілетін Республикалық  пәндік олимпиаданың қорытындысы анықталды.

Олимпиада үш кезеңде онлайн түрінде (мектепішілік, аудандық және облыстық) өтті. Қазіргі эпидемиялық ахуалға байланысты облыстық кезең республикалық кезеңмен теңестірілген болатын.

Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысына сәйкес  Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің 6-класс оқушысы Еңсеп Зейнеп «Қазақстан тарихы» пәні бойынша  ІІ дәрежелі дипломмен, жеті оқушы: Құрманғазы ауданы, Н.С.Манаев атындағы жалпы орта мектептің 5-класс оқушысы Жеңісқызы Айеркем «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен, Құрманғазы ауданы, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің 5-класс оқушысы Муфих Нұрай мен Құрманғазы ауданы, Қ.Мырза-Әли атындағы жалпы орта мектептің 6-класс оқушысы Отарбай Аяжан «Қазақстан тарихы» пәнінен, Махамбет ауданы, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының 5-класс оқушысы Қайса Бейбарыс «Ағылшын тілі» пәнінен, Қызылқоға ауданы №9 орта мектептің 5-класс оқушысы Сәнжар Кәусар, Құрманғазы ауданы, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің 6-класс оқушысы Абат Назерке, Құрманғазы ауданы, Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектептің 6-класс оқушысы Мәдениет Ақерке «Жаратылыстану» пәнінен ІІІ дәрежелі диплом иеленді.

Жеті оқушы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Дипломдар мен алғыс хаттарды 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап www.daryn.kz  сайтынан жүктеп алуға болады.

Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» жүлдегерлер мен оларды білім бәйгесіне дайындаған ұстаздарды республикалық олимпиадада қол жеткізген жетістіктерімен құттықтайды.

Айта кетейік, олимпиаданың мектепішілік кезеңінде – 3 212 оқушы, аудандық кезеңінде – 1 341  және  облыстық іріктеу кезеңіне – 231 білім алушының жұмысы жіберілді. Іріктеу кезеңінің қорытындысымен 23 оқушының жұмысы республикалық кезеңіне жолданды.