«Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырған «Идея, мотивация, жетістік» атты көшпелі семинары бүгін Мақат ауданына келіп жетті.
Семинардың спикерлері:
1. Облыстық «Білім-Инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі – РАИСОВ ӘДІЛЕТ БЕКБУЛАТҰЛЫ.
2. Атырау қаласы, IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі – ЕРКИНОВА АҚЕРКЕ МҰРАТҚЫЗЫ.
3. Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – СДИХОВА ЖАЙНАГҮЛ ТЕМІРЖАНҚЫЗЫ.
4. Таланттарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері – САҒИДОЛЛАЕВА МАНСИЯ САҒИДОЛЛАҚЫЗЫ.
Оқушы жетістігі мұғалім еңбегінің жемісі болып табылады. Осы орайда оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін қажетті интернет ресурстары, эссе жазуға қойылатын талаптар, шығармашылық, техникалық пәндік байқауларға қажетті қолдаулар туралы спикерлер өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Сөз кезегінде орталық басшысы Руслан Құрманғалиұлы жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін республикалық, халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар мен ауыл мектептеріне арналған және мамандандырылған байқау түрлерімен таныстырып, барша мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Семинарға қатысқан педагогтер жүлдегер оқушыларды дайындаған зерделі жас әріптестеріне алғыс айтып, орталықтың жаңаша бастамасына ризалық танытты.