Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Идея. Мотивация. Жетістік» тақырыбындағы көшпелі семинар Индер ауданында жалғастырды

«Идея. Мотивация. Жетістік» тақырыбындағы көшпелі семинар Индер ауданында жалғастырды
  «Мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында Таланттарды анықтау және қолдау орталығының «Идея. Мотивация. Жетістік» атты көшпелі семинары өз жұмысын Индер ауданында жалғастыруда.

  Семинарға жиналған аудан мұғалімдері спикерлерді тыңдай отырып, дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау, олардың зияткерлік деңгейін арттыру, шығармашылық әлеуетін өсіру жолдарымен ой бөлісті.

  Сонымен бірге орталықтың бастамасымен іске қосылған ұстаздар мен шәкірттерді анықтау және қолдау мақсатындағы «Үздік 30 мектеп», «Талантты ұстаз», «Дарынды оқушы» номинацияларының өлшемшарттарымен таныстырылды.

  Қатысушы педагогтер өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды. Спикерлерге рақмет айтып, әрқашан академиялық адалдықты ұстанатын орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау