Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

ІХ Республикалық «Мағжан оқуларының» облыстық кезеңі өтеді

18 маусым күні Таланттарды анықтау және қолдау орталығының  ұйымдастыруымен Жалпы білім беретін оқу орындары 5-11 оқушыларының арасында ІХ Республикалық «Мағжан оқуларының» облыстық кезеңі өтеді.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығына арналған байқаудың мақсаты – ақын мұрасын жас ұрпаққа насихаттап, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын анықтау, әдеби тіл байлығын, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.

Байқау төмендегі номинациялар бойынша  өтеді.

1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
2. «Толқынмен толқын  сырласып…» – шығармашылық жұмыс.
3. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар конкурсы.