Бүгін, 10 наурыз күні, жалпы білім беретін мектептердің 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында III Республикалық «Әбіш оқуларының» облыстық кезеңі басталды.
Байқау бағдарламаға сәйкес күннің алғашқы жартысында Ә.Кекілбаевтың шығармаларын, яғни прозасын, поэзиясын мәнерлеп оқу бағыты бойынша ZOOM платформасында өтуде. Оған 15 оқушы қатысуда.
Сондай-ақ күннің екінші жартысы Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы бағыты бойынша жалғасады.
Облыстық кезеңге 14 оқушы қатыспақ.






