6-7 наурызда өткен математикадан қыз балаларға арналған Еуропа олимпиадасына (EGMO) республикалық іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсетті.
“Дарын” РҒПО мен “РФММ” КеАҚ бірлесе өткізген онлайн іріктеуге Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей интернатының екі оқушысы – Аманжолова Жадыра мен Қабес Эльнур қатысып, еліміздің барлық аймағынан қатысқан 39 оқушының ішінен 7-8 орындарды иеленді.
Жерлестеріміздің бұндай үлкен додада осындай орындардан көрінуі көрсетуі өте тамаша нәтиже. Сондықтан аталған екі оқушыны Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұжымы шын жүректен құттықтайды.
Жалпы математикадан қыз балаларға арналған Еуропа олимпиадасы (EGMO) 2012 жылдан басталғанмен, тез арада танымал болып, Еуропаның шеңберінен шығып кетті.
Мысалы 2019 жылы Еуропа олимпиадасына қатарында АҚШ, Канада, Жапония, Үндістан, Мексика секілді т.б. өзге құрлықтағы мемлекеттер бар 49 елден 200-ге жуық оқушы қатысқан еді.






