Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Математика пәнінен екі бірдей олимпиада өтуде

9-10 наурыз күндері аралығында ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасы қашықтықтан өтіп жатыр.

Олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасына сәйкес, математика пәнінен  ең жоғары ұпай жинаған әр сынып бойынша 2 жеңімпаз немесе жүлдегер  қатысады.

Республика бойынша аталған  екі олимпиадаға облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы, Атырау облысы бойынша 8 оқушы қатысуда.

ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасына Атырау облысынан қатысушылар

Атыжөні Мектебі Сыныбы
1.      Аманбай Сұлтан Атырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты 9
2.      Аманжол Рустам Атырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты 9
3.      Зауытхан Әділет Атырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты 10
4.      Казиуллаев Елнур Атырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты 10
5.      Бахытбек Дамир Ж. Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей 10
6.      Мырзатай Айбек Атырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты 11
7.      Аманжолова Жадыра Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты 11
8.      Қабес Эльнур Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты 11

Жалпы АТМО мен МХЖО-на Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.әлемнің қырықтан астам елі қатысады.