Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұжымы Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының құрамына кіруге бірауыздан шешім қабылдады.
Орталықтың конференц-залында өткен жиынды ашқан Руслан Сарбалин арнайы келген қонақтарды – Қазақстандық салалық білім жəне ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйым қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы және Одақтың Атырау облыстық ұйым-қоғамдық бірлестігі бөлімінің бас маманы Бекмұхамедова Зәуреш Қапанқызын ұжыммен таныстырды.
Жиында сөз алған Қылышбай Сүндетұлы кәсіптік одақ туралы қысқаша таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ ZOOM арқылы жиынға қатысқан «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы да Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұжымының Одақ құрамына мүшелікке өтіп жатқанына қолдау білдіріп, бірлесе қызмет атқаратына ризашылығын білдірді.
Содан соң орталық директоры Руслан Сарбалин одақтың жұмысына сәттілік тілеп, ұжымның бірауыздан кәсіподақ мүшелігіне қабылдануға әзір екенін жеткізді.
Жиын соңында Орталықтың кәсіподақ төрайымын сайлап, алдағы жұмыстар туралы пысықталды.








