Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

«Меңдекеш оқулары» байқауы

  13 – қазан күні Жылыой ауданы №18 М. Сатыбалдиев атындағы орта мектепте ақын, аудармашы, журналист Меңдекеш Сатыбалдиевтің облыстық «Меңдекеш оқулары» байқауы ұйымдастырылуда.

  Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  Облыстық мектеп оқушылары мен Меңдекеш Сатыбалдиевтің туындыларын насихаттау;

  Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын сезіндіру, өз ой – пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;

  Жас дарындарды анықтау, ақындардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, рухани қолдау көрсету, бағдарланған дүниетанымдары мен өмірге көзқарасын қалыптастыру.

  Байқауға қалалық, аудандық кезеңнің жеңімпаздарды қатысады.

  Байқауға қатысушылар төмендегі көрсетілген төрт номинация бойынша бақтарын сынайтын болады:

  «Азырақ болып ортаңда, көңіліңде тұрсам көбірек» – шығармаларын жатқа оқу конкурсы.

  «Қазағым, әлі туарсың біздей, Қаһармандарды қайталап……» – жас ақындардың ақынға арнаған өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы.

  Меңдекеш Сатыбалдиевтің прозалық шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;

  «…Жүректерге жетсем – ау шуақпенен…» қатысушы өлең жазудағы ақын мақсатын өзіндік танымы тұрғысында нақты мысалдармен, мәліметтер мен деректерді жүйелеу арқылы талдап, дәйектемелермен дәлелдеп, өзі таңдап алған тақырыбының тарихи – әдеби, рухани мәнін аша білу қажет. Өлең құрылысы мен көркемдік ерекшеліктеріне, тілі мен стиліне талдау арқылы М.Сатыбалдиев поэзиясының ерекшелігін танытады.

  Қатысушыларға сәттілік тілейміз!