Ертең, яғни 2 наурыз күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді.
Шараға облыстық білім беру басқармасының басшысы С. Ы. Есенғалиев, Атырау университетінің ректоры С. Н. Идрисов және аудандық білім бөлімінің басшылары, т.б. құрметті қонақтар қатысады.
Салтанатты кеште олимпиада жеңімпаздары марапатталып, естелік сыйлық табыс етіледі.
Жабылу салтанатын Таланттарды анықтау және қолдау орталығының фейсбук желісіндегі “Дарын-Атырау” ресми парақшасынан тікелей эфирден көруге болады.





