Математика пәнінен 4-6-сынып оқушылары арасында өтетін «Алтын сақа» олимпиадасы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен, Атырау облысы Білім беру Басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының қолдауымен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ғылыми кеңесінің қамтамасыз етуімен 2021 жылдың 28 ақпаны күні өткізіледі.
Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
«Алтын сақа» олимпиадасы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Олимпиадаға қатысу үшін сұранысты 27 ақпан күні сағат 00.00-ге дейін төмендегі сілтеме https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScn04yVPQFZiY7SKN5JNIJq_OUUExL0ospu4WIHOO0SYLGffQ/viewform?usp=sf_link бойынша жіберу қажет.
Қатысушылар сұраныс беру барысында өзі туралы нақты ақпаратты (аты-жөні, сыныбы, мектебі, WhatsАpp телефон номері, ата-анасының телефон номері) толық және сауатты толтыруы қажет.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады және пандемияға байланысты онлайн форматта өткізіледі.
І кезең – мектепішілік кезең. Бұл кезең қашықтықтан немесе офлайн өткізіледі. І кезеңнің өткізу мерзімі 4, 5, 6-сыныптар үшін 28 ақпан сағат 14.00 де. Тапсырма олимпиада басталуға 5 минут қалғанда Google test сілтемесін арқылы әр мектептің координаторларына жібереді.
Қатысушы Google формада берілген тестті орындайды. Тестіні орындау уақыты – 80 минут. Берілген уақыттан кешіктірілген жауаптар есепке алынбайды.
Бағалау шкаласы әр сұраққа – 5 ұпайдан. Ең жоғары ұпай саны – 100.
ІІ кезеңге мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша І кезеңнен жоғары ұпай жинаған 4-сыныптан барлығы 2 (екі) оқушы, 5-сыныптан барлығы 2 (екі) оқушы, 6-сыныптан барлығы 2 (екі) оқушы жалпы мектептен 6 оқушы ғана қатыса алады. 50 ұпайдан төмен жинаған жұмыстар қаралмайды.
ІІ кезең – қалалық кезең. Тапсырма “Көп жауабын таңдау” негізінде өтеді. Оны орындауға 40 минут беріледі. Бір сұраққа жауап беру уақыты 3 минут. Әр сұрақтың 6 жауабы бар. Кем дегенде 1 жауап, көп дегенде 3 жауап дұрыс болады. Егер қатысушы 100% дұрыс жауап берсе, 10 ұпай, 50% немесе одан жоғары дұрыс жауабын берсе 5 ұпай беріледі. Сонымен бірге оқушының ептілігі, жылдамдылығына қарай тағы да қосымша ұпайлар қосылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі: қатысушылардың жауаптары тікелей эфирде барлығына ашық, айқын көрініп тұратындығында.





