Атырау қаласы, Абулхайрхана 58

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Бүгін, 22 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі басталды.

14 пән бойынша өтетін олимпиада бес күнге созылады. “Химия” мен “Биология” пәндері бойынша 84 оқушы білімін сынайды деп күтілуде.

Аталған пәндер 2 турдан тұрады. Бірінші тур түске дейін, екінші тур түстен кейін өтеді.

Айта кетейік, олимпиаданың облыстық кезеңі 22-27 ақпан аралығында өтетінін бұрын хабарлағанбыз.