Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өтті

Республикалық «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы өтті

2021 жылдың 05 мамыр күні «Ауыл мектептеріне арналған  «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» талантты жастарды анықтау және қолдау, жас балаларды шығармашылық, білімқұмарлық және пайымдаушылыққа ұмтылған белсенді азаматтар болуға ынталандыру бастамасы шеңберінде өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушылары іріктеу.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді. І кезеңде Олимпиадаға қатысушылар онлайн-платформада танымдық ойлау деңгейін анықтауға арналған кешенді тестілеуден  өтті. Бұл кезеңге облысымыз бойынша 3225 оқушы қатысты.

Кешенді тестілеу екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлім – «Логикалық ойлау», екінші бөлім – «Кеңістіктік ойлау».

І кезең қорытындысы бойынша іріктелген оқушылар олимпиаданың ІІ кезеңіне  жіберіледі. ІІ кезеңге Олимпиадаға қатысқан 3225  оқушыдан 139 оқушы өтті.

ІІ кезең – күндізгі. ІІ кезеңнің рәсімі компьютерлік тестілеуді көздейді, ол тұрақты интернет желісіне қосылған дербес компьютерлермен жабдықталған, веб-камерасы, микрофоны мен құлаққабы (гарнитурасы) бар орында өтілуі тиіс болды. Осыған орай, «UFUTURE» ЖШС Атырау филиалы тестілеу орталығында 102 оқушы екі аусыммен  өтеді. Бірінші аусымда 51 қатысушы,  олар: Исатай ауданының – 12  оқушысы, Индер ауданының – 25 оқушысы, Мақат ауданының – 8 оқушысы, Қызылқоға ауданының – 5 оқушысы және Махамбет ауданының 1 оқушысы.

2-аусымда да 51 қатысушы, олар: Атырау қаласының – 30 оқушысы мен Махамбет ауданының – 21 оқушысы.

Ал Жылыой ауданының  9 оқушысы мен Құрманғазы ауданының 28 оқушысы өз ауданының орталығындағы  U-Study тестілеу орталығында кешенді тестілеуге қатысты.

II кезеңде қатысушылардың «Математикалық сауаттылық», «Қазақ тілі» (қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін), «Орыс тілі» (орыс тілінде оқитын оқушылар үшін, «Ағылшын тілі» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімдері бағаланады.

Тестілеу Олимпиадаға қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі.

 Олимпиада карантиндік нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Олимпиаданың екінші кезеңінің барлық қатысушыларына Олимпиада қатысушысының сертификаты беріледі. ІІ кезеңнің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарына академиялық даярлықтан өту үшін оқу жылы ішінде Оператордың қосымша білім беру онлайн мектебінде тегін оқу беріледі.

Республика бойынша жеңімпаз атанған 1000 оқушыға Олимпиада жеңімпазының диплом беріледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген квотаға  сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау