13-14 мамыр күндері 7-8 сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.
Олимпиада математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндері бойынша оффлайн форматта өткізіледі.
Биылғы жылдың ерекшелігі, бірден облыстық кезеңнен басталып, тікелей 178 оқушы қатыспақ. Қатысушылардың барлығына сертификат беріліп, жеңімпаздары республикалық кезеңге жолдама алады.
Олимпиадаға аудан мектептептерінен қатысатын оқушылар үшін аудан орталықтарындағы белгіленген мектептерде, қала, облыстық мектептерден қатысатын оқушылар үшін облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының ғимаратында (А.Байтұрсынов көшесі, 127) өтеді.






