25-30 сәуірі аралығында өткен 2020-2021 оқу жылының Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасына облысымыздан қатысқан 73 қатысушының 43-і жүлдеге ие болды.
Жүлдеге ие болған 43 оқушының ішінде І орынға ие болғандар саны – 6, ІІ орынға ие болғандар – 17 оқушы, ал ІІІ орынға ие болғандар саны – 20 оқушы болды.
Жыл сайын өтетін Республикалық олимпиада 10-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 16 жалпы білім беретін пән бойынша өтті.






