Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Республикалық “Алтын сақа” олимпиадасынан бас жүлде Атырауда!

Республикалық "Алтын сақа" олимпиадасынан бас жүлде Атырауда!

26 сәуірде 5-6 сыныптар арасында өткен I республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасынан Атырау қаласының №17 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Ереулиев Тарлан “Бас жүлдеге” ие болды.

Сондай-ақ тағы бір оқушымыз Атырау қаласындағы №35 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Қуат Жаннұр грамотаға ие болды.

I республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы “Астана дарыны” дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

Олимпиаданың мақсаты – талантты балаларды анықтап, оқушылардың математика білімін меңгеруіне, оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдана білуіне  жағдай жасау және олимпиада резервін қалыптастыру.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау