Жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысатын оқушыларды дайындау мақсатында оқу – жаттығу ұйымдастырылды.
Жиын Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдің базасында өтуде.
Жиынға облыс бойынша 10 оқушы қатысуда. Жиын 17 – қарашаға дейін жалғасады.
Дайындық жиынында осы кезге дейінгі облыстық, республикалық және президенттік олимпиадаларда кездескен тақырыптар қамтылады. Теориялық біліммен практиканы ұштастыра отырып, қорытынды сынақ тесттер беріледі.
Оқу – жаттығу жиынын өткізуге озық тәжірибелі педагог – тренерлер жұмылдырылған. XVI Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысатын оқушыларға сәттілік тілейміз.