10 – қараша күні С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 11 – сынып оқушыларына арналған химия пәнінен С.Өтебаев атындағы облыстық олимпиада болып өтті.
Химия пәні бойынша ұйымдастырылған білім бәйгесіне облыс бойынша 27 оқушы қатысты. Жүлделі орын алған оқушылар арнайы дипломдаармен және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің білім гранттарын иеленді.
1-орын және 100% білім грантын:
Индер ауданы “Көктем” қазақ орта мектебінің оқушысы Нугметова Азима;
2-орын және 50% жеңілдікпен білім грантын:
Мақат ауданы С.Шарипов атындағы орта мектептің оқушысы Оңғарша Арайлым,
Мақат ауданы О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушысы Әліп Ажар;
3-орын және 30% жеңілдікпен білім грантын:
Құрманғазы ауданы Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің оқушысы Қали Айсана,
Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің оқушысы Қуан Динара,
Мақат ауданы О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің оқушысы Қалау Гаухар иеленді.
Сонымен қатар Атырау қаласы №13 Д.Байбосынов атындағы мектеп – гимназияның 11-сынып оқушысы Байдуллаева Дарья, Қызылқоға ауданы Ш.Еркінов орта мектебінің 11-сынып оқушысы Оңаш Назым және Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жұмағалиева Жансая Алғыс хатпен марапатталды.
ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!











