Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Математика пәнінен екі бірдей олимпиада өтуде

Математика пәнінен екі бірдей олимпиада өтуде

9-10 наурыз күндері аралығында ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасы қашықтықтан өтіп жатыр.

Олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасына сәйкес, математика пәнінен  ең жоғары ұпай жинаған әр сынып бойынша 2 жеңімпаз немесе жүлдегер  қатысады.

Республика бойынша аталған  екі олимпиадаға облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы, Атырау облысы бойынша 8 оқушы қатысуда.

ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық XX «Жібек жолы» олимпиадасына Атырау облысынан қатысушылар

АтыжөніМектебіСыныбы
1.     Аманбай СұлтанАтырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты9
2.     Аманжол РустамАтырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты9
3.     Зауытхан ӘділетАтырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты10
4.     Казиуллаев ЕлнурАтырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты10
5.     Бахытбек ДамирЖ. Досмұхамедов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей10
6.     Мырзатай АйбекАтырау облыстық «БілімИнновация» лицейинтернаты11
7.     Аманжолова ЖадыраДарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты11
8.     Қабес ЭльнурДарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты11

Жалпы АТМО мен МХЖО-на Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.әлемнің қырықтан астам елі қатысады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау