Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» туралы онлайн кездесу өтті

«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» туралы онлайн кездесу өтті

Бүгін, 10 наурыз күні, Таланттарды анықтау және қолдау орталығының «Ел үміті» бастамасын іске асыру және мониторингілеу бөлімі «Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» туралы аудан мектептерінің директорлары және оқу ісі меңгерушілерімен онлайн форматында кездесу өткізді.

«Мың бала» олимпиадасының мақсаты –ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

«Мың бала» олимпиадасының ауылдық жердегі оқушыларға беретін мүмкіндіктері:

Біріншіден, ең жоғары нәтиже көрсеткен жеңімпазға дарынды балалар мектебіне жолдама беріледі. Мысалы, еліміздегі «Дарын», «Білім-инновация» лицейі, республикалық физика-математика мектебінің бірінде білімін жалғастыра алады.

Екіншіден, олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының “Birge oqý” онлайн-мектебінде тегін оқи алады.

 Толық ақпарат https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау