Атырау қаласы, Қайырғали Смағұлов көшесі 59

Бастауыш және математика мұғалімдеріне тегін тренинг өтеді

Бастауыш және математика мұғалімдеріне тегін тренинг өтеді

29-30 наурыз аралығында “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебі бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш мектептерде олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері», математика пәні мұғалімдеріне «Математикалық олимпиада есептерін шешу тәсілдері» атты оқу – әдістемелік семинар-тренинг (онлайн) өткізеді.

Семинар-тренингтің мақсаты – бастауыш сынып және математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттырып, оқушыларды олимпиадаға дайындаудың басты бағыттарын үйрету және әдістемелік қолдау көрсету.

Аталған іс-шара Атырау облысы Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» “Зерделі” ақыл-ой дамыту мектебімен ынтымақтастық меморандумына сәйкес өтуде.

Тренерлер құрамы жоғары білікті мамандар және олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған ұстаздардан құралған. Семинар-тренинг бастауыш және математика пәні мұғалімдерін шығармашылық қолдау ретінде ақысыз (тегін) ұйымдастырылады.

Бөлісу:

Өзге ақпараттар

Посмотреть на карте Атырау